Ұлттық SMM және Таргетинг Агенттігі

Инстаграмда фейк (жалған) блогерді қалай тануға болады:            5 кеңес + 3 құрал

2017 жылы компаниялар «әсе ету» маркетингіне жұмсаған әр долларға 7,65 доллар пайда көрген. «Әсер ету» маркетингі бүгінгі күнге ең тиімді маркетингтік тактика болып есептеледі. Сондықтан «жазылушылардың» санын арттырып пайда көруге тырысатын адамдар саны лезде көбейіп кетті. Инфлюенсер (әсер етуші) нағыз блогерді қолдаушыларын «сатып» алған блогерден қалай ажыратуға болады? 

Біріншіден, сурет астындағы пікірлерді оқыңыз. Егер пікірлер қысқы немесе тақырыпқа сай емес болса, онда оларды «бот» (арнайы программа) қалдыруы мүмкін. Ал егер пікірлер мүлдем жоқ болса, онда бұл кісімен серіктестіктен бас тартыңыз! 

Екіншіден, инфлюенсердің жазылушылары көп, бірақ контенті нашар болса, онда да серіктестіктен бас тартыңыз! 

Үшіншіден, егер сіз жазылған кезде, ол сіздің жазылушыларыңыздың қатарынан кетіп қалса, онда бұл «бот» екеніне күмәнданбаңыз. Тексергіңіз келсе, сіз де оның жазылушылар қатарынан шығып кетіңіз, сонда «бот» сізге шақыру жібереді. 

Төртіншіден, блогердің жазылушылары мен оның өзі жазылған парақтардың санын салыстырыңыз. Егер оның өзі жазылған парақшалары артығырақ болса, онда бұл кісі ілгерілетудің «сұр» методтарын қолданады деген сөз. 

Бесіншіден, мүмкіндігіңіз болса блогердің жазылушыларының санының өсу қарқынын тексеріңіз. Егер өсу қарқынында лезде өсі көрсеткіштері бар болса, онда бұл блогер күмән тудырады. 

Блогерді тексеру үшін үш құрал: 

IG Audit. Бұл тегін құрал, арнайы жолға қолданушының атын енгізген соң, ол 200 фолловерді таңдап аккаунттың шынайлығын 0 ден 100% –ға дейін аралықта бағалап береді. 

FakeCheck.co. Бағасы 1$ –дан бастап. Бұл құрал профильдің адамдарды еліктіру коэффициенті бойынша тексеру өткізеді. Егерде аккаунт орташа коэфициентке сай болмаса, онда бұл профиль жазылушылар санын жасанды артырған деп есептеледі. 

Hypeauditor. Ең күшті тегін құрал. Жасанды интеллект негізінде адамдарды еліктіру, аудиторияның сапасы мен өсу қарқыны және т.б. көрсеткіштер бойы аккаунт туралы басты мәліметтерді бере алады. 

Естеріңізде болсын жалған аккаунтер сізге пайдасын тигізбейді, өз бизнесіңіз үшін әлеуметтік желінің көшбасшыларын іздегенде абай болыңыз, бүгінгі күні фолловерлер (жазылушылар) саны блогердің тиімділігінің көрсеткіші емес!